+1 Кэнсел: Жайдарманшы Айбек Байназаровтың пойыздағы әрекеті неліктен қоғамның ашуын туғызды?
Қазақстандық медиа кеңістігінде кезекті репутациялық дау. Бұрынғы жайдарманшы, актер Айбек Байназаров подкасттардың бірінде жиырма жыл бұрын болған «қызық оқиғасын» баяндап, үлкен «кэнселлингке» (қоғамдық айыптау) тап болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Актердің бейтаныс қызға жасаған әрекетін күле отырып айтуы желіде харассмент пен зорлық-зомбылықты қалыпты санау мәселесін қайта көтерді.
Даудың басы Айбек Байназаровтың "Шай әңгіме" подкасты кезіндегі ағынан жарылуынан басталды. Ол жас кезінде пойызда мас күйінде купедегі бейтаныс қызға қалай тиіскенін бүге-шігесіне дейін айтып берген:
«Жас кез, жақсы ішетін кез... Келем купеге, уже қараңғы, екінші этажға жатам… Алма боп жатыр ғой анау кәдімгі ше. Жарты сағат қарап жатам. Қолмен түсем, дауысын шығармай қолымды, мойынына дейін келем. Мойынына келе берген кезде, ол да біліп жатыр, “болмайды, жоқ” дейді», — деді Байназаров.
Бұл мәлімдеме актер түскен «Көз тимесін» фильмінің прокатқа шығуымен тұспа-тұс келді. Желі қолданушылары мен белсенділер фильмге бойкот жариялауды ұсынып, актердің әрекетін «зорлық-зомбылықты романтизациялау» деп айыптады. Репутациялық даудың ушығуы фильмнің маркетингтік науқанына кері әсерін тигізе бастады.
Қоғамдық қысымнан кейін подкаст өшіріліп, Айбек Байназаров пен фильмнің продюсерлік орталығы ресми түсініктеме жариялауға мәжбүр болды. Актер өз сөздерінің этикаға жат екенін мойындап, барлық әйелдерден кешірім сұрады:
«20 жыл бұрын осы әрекетке барғаным үшін қатты өкінемін. Соны күлкі қылып, әзілге айналдырғаным үшін де өкініп отырмын. Мұндайға жігіттердің баратынын, қыздардың қатты қорқатынын білем. Енді осындай ұятсыз әрекетке қарсы насихаттаймын. Қыздардың сезімін, жан айқайын құнсыздандырмауымыз керек. Барша қыздардан басымды иіп кешірім сұраймын»,– деп жазды сынған қалған актер «Көз тимесін» фильмінің ресми парақшасына.
Сарапшылар бұл жағдайды Қазақстандағы «consent» (келісім) мәдениетінің қалыптасуының көрінісі деп бағалауда. Бұрын «ерсі әзіл» немесе «еркектік қылық» деп қабылданған әрекеттер қазіргі қоғамда қатаң сыналады. «Жоқ» деген сөздің мәнін түсінбеу және оны күлкі нысанына айналдыру медиа тұлғалар үшін мансаптық тұрғыдан қауіпті екенін бұл оқиға тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0