Серік Жұманғарин инфляцияның бәсеңдегенін айтты

Вице-премьердің айтуынша, инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі қосты.

Қазан 13, 2026 - 17:21
 0  6
Серік Жұманғарин инфляцияның бәсеңдегенін айтты
Фото: Экономика министрлігі

Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастырып жатыр. Қабылданған шаралардың әсерінен инфляция біртіндеп баяулауды жалғастырып келеді. Жылдық инфляция биыл тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады", - деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі қосты.

"Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты. Инфляцияның баяулауы осы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өсті", - деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, биыл 9 айдың қорытындысында ел экономикасының өсуі 4,2 пайызды құрады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0