Иранда хиджабсыз өнер көрсеткен танымал әншіге 74 дүре соғылды

Әншінің адвокаты Мұстафа Нилидің мәліметінше, сот үкімі 23 қарашада орындалған.

Қараша 24, 2026 - 11:38
 0  7
Иранда хиджабсыз өнер көрсеткен танымал әншіге 74 дүре соғылды
Фото: Ашық дереккөз

Ирандық әнші Парасту Ахмади мен оның шығармашылық тобының төрт мүшесіне 74 реттен дүре соғылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әншінің адвокаты Мұстафа Нилидің мәліметінше, сот үкімі 23 қарашада орындалған.

Даулы оқиға 2024 жылдың желтоқсанында басталған. Сол кезде Парасту Ахмади хиджабсыз концерт беріп, бейнежазбасын YouTube арнасына жариялаған. Видео миллиондаған қаралым жинағаннан кейін әншіге қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Кум қаласының соты концертті ұйымдастырушыларды қоғамдық мораль нормаларын бұзды деп айыптап, тоғыз адамға 74 реттен дүре соғу жазасын тағайындаған. Сондай-ақ оларға екі жыл бойы елден шығуға және шығармашылықпен айналысуға тыйым салынған.

Халықаралық Amnesty International ұйымы үкімді айыптап, оның күшін жоюға шақырған. Алайда апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырған. Нәтижесінде әнші мен оның төрт әріптесіне жаза қолданылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0