Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

Шілде 24, 2026 - 12:19
chat_bubble  0 visibility  4
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды
Фото: "Неге" телеграм каналы

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 16,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, пайыздық дәліз ±1,0 пайыздық тармақ деңгейінде белгіленді.

Реттеуші бұл шешім жылдық инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ ол ақша-кредит саясатының қатаңдығын қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес реттеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық банктің хабарлауынша, шешім фискалдық шоғырландырудың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы, бекітілген бюджет параметрлерінің сақталуы, Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемі мен квазимемлекеттік секторды қолдау шараларының жоспарға сай орындалатыны жөніндегі болжамға негізделген.

Сонымен қатар реттеуші аталған көрсеткіштер жоспарланған деңгейден айтарлықтай ауытқыған жағдайда тәуекелдер балансы қайта бағаланып, базалық мөлшерлеменің болашақтағы траекториясы қайта қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0