Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов лауазымынан босатылды. Бұл туралы Sadaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, Б. Шолпанқұлов бұл қызметтен өз еркімен жұмыстан кету туралы берген өтінішіне байланысты кеткен.
Айта кетейік, Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметіне 2021 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Оған дейін ол ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарып, еліміздің бюджеттік-қаржы саясатын қалыптастыруға үлес қосқан.
Әзірге оның орнына кімнің тағайындалатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0