«Барып уборка жасайын»: Айдана Меденова Мақпал Жүнісованың сөзін келемеждеді
Желі қолданушылары әншінің Жүнісоваға қарата жазылған бұл сөзін орынсыз деп сынады.
"Кешью" тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова Мақпал Жүнісоваға жауап беріп, сынын келеке қылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әнші парақшасында тағы да жабысқан киіммен сурет жариялап, қысқа жазба қалдырған.
«Барып уборка жасайын бүгін»,– деп жазды ол.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісоваға Меденованың жабысқан сахналық киімі ұнамай қалған еді.
«Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары әншінің Жүнісоваға қарата жазылған бұл сөзін орынсыз деп сынады.
«Мақпал сахнаның мәдениетін біледі», «Мынау хиджаб шешпей жүр екен ғой», «Мақпалдың сөзін әзілге айналдырып тұр ма», «Үлкенмен салғыласып»,– деп жазды оқырмандар.