«Кәсіби журналист табылмаған ба?»: Төреғалидың қарындасы елдің сынына қалды

Көпшілік блогердің бағдарлама жүргізуіне қарсылық білдіріп, сынның астына алды.

Қараша 20, 2026 - 13:54
 0  4
«Кәсіби журналист табылмаған ба?»: Төреғалидың қарындасы елдің сынына қалды
Фото: Видеодан скрин

Блогер Дина Төреәлінің мәлімдемесі көпшіліктің наразылығын тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Белгілі болғандай, блогерге «Хабар» арнасынан бағдарлама жүргізу туралы ұсыныс түскен. 

«Менің жасым 23-те! Аллаға шүкір, 3 балам бар. Оқуды емес, отбасы болуды таңдадым сол сәтте! Оқу, білім алу ешқашан да кеш емес және одан қашпаймын. Бірақ сендер ойлаған бір қағаз диплом ештеңені шешпейді. Потенциалың жоқ болса, 10 дипломың болса да көмектеспейді. Дипломым жоқ – бизнесім бар. Дипломым жоқ – табысым бар. Көзім ашық – көкірегім ояу, шүкір! Күнделікті даму үстіндемін», – деп жазды ол.

Көпшілік блогердің бағдарлама жүргізуіне қарсылық білдіріп, сынның астына алды.

«Жоғары білімді журналистер табылмаған ба?», «Кәсіби мамандар жұмыс таппай жүргенде, неге осыларды алады?», «Әншілер жүр енді, дипломы жоқ блогерлер шыққан ба?», «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын», «Ойларына келгенді жасайтын болды ғой», «Аузы қисық болса да, “рейтинг” көтеретіндер сөйлесін», – деп жазуда оқырмандар.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0