«Жүрегінің соғысын естігенде бақытты болдым»: Жахан Отарғалиев көптен күткен қуанышы ұзаққа созылмағанын айтты

Әзілкеш Жахан Отарғалиев 17 жыл күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

Қараша 18, 2026 - 14:47
 0  0
«Жүрегінің соғысын естігенде бақытты болдым»: Жахан Отарғалиев көптен күткен қуанышы ұзаққа созылмағанын айтты
фото: видеодан скриншот

Әзілкеш Жахан Отарғалиев 17 жыл күткен қуанышты жаңалығын бөлісті Әзілкеш Жахан Отарғалиев жұбайының жүкті болғанын айтып, көпшілікпен сүйінші жаңалығын бөлісті. Өнер иесі бұл сәтті 17 жыл күткенін жеткізді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әзілкештің айтуынша, екі ай бойы өзін ерекше бақытты сезініп, үйіне асығып жүрген. Болашақ сәбиінің жүрек соғысын естіген сәтте қуанышы тіпті еселенген.

Алайда көптен күткен бұл қуаныш ұзаққа созылмаған. Жахан Отарғалиев бұл жағдайдың өзіне оңай соқпағанын аңғартып, үмітін үзбейтінін айтты.

«Осы сәтті 17 жыл күттім. Екі ай өзімді шын бақытты сезіндім. Екі ай бойы үйге асығып жүрдім. Жүрегінің соғысын естіген кезде тіпті бақытты болдым. Біреуге айтқым келеді, көшеде көрген адамнан сүйінші сұрағым келеді. Бірақ ұзаққа созылмады. Сонда да Аллаға шүкір. Үмітімізді үзбейміз. Өнер адамдарының басында мәселе жоқ деп ойлайды, бірақ осылай», – деп жазды ол.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0