«Бірінші күннен некеміз қиылған»: Тұрсынбектің екінші әйелі тоқал емес екенін айтты
Оның айтуынша, екеуі қарым-қатынастарының алғашқы күнінен бастап мешітке барып, мұсылмандық жолмен некелескен. Сондай-ақ Айман бұл некенің өзі үшін де, Тұрсынбек үшін де алғашқы неке екенін атап өтті.
Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің ешқашан біреудің көңілдесі де, тоқалы да болмағанын мәлімдеді,деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның айтуынша, екеуі қарым-қатынастарының алғашқы күнінен бастап мешітке барып, мұсылмандық жолмен некелескен. Сондай-ақ Айман бұл некенің өзі үшін де, Тұрсынбек үшін де алғашқы неке екенін атап өтті.
«Ешқашан ешкімнің любовницасы да, тоқалы да болған емеспін. Бірінші күннен Алла алдында мешітке барып некелескен мұсылмандық жолымен, шариғат жолымен некелескен некем бар. Менің де, оның да бір-ақ рет», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Айман өзіне қатысты айтылған пікірлерге жауап беріп, болашақта не болатынын бір Алла ғана білетінін жеткізді. Ол қандай сын мен қарғыс айтылса да, Құдай қалағанша өмір сүретінін жазған.