Ғылым министрлігі ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізетін болды

Тексеру барысында жанжалдардың алдын алу, студенттердің шағымдарына уақытылы жауап беру және психологиялық көмектің қолжетімділігіне ерекше назар аударылады.

Қараша 17, 2026 - 16:42
 0  8
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізетін болды
Фото: Depositphotos.com

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға мониторинг тобын жібереді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мамандар университетте студенттердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін, заң талаптарының сақталуын, сондай-ақ тәрбие және психологиялық қолдау жұмыстарының ұйымдастырылуын тексереді.

Тексеру барысында жанжалдардың алдын алу, студенттердің шағымдарына уақытылы жауап беру және психологиялық көмектің қолжетімділігіне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар Алматыда прокуратура, полиция, балалардың құқықтарын қорғау саласының мамандары мен психологтар қатысатын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Олар студенттер жатақханаларын аралап, білім алушылармен кездесулер өткізеді.

Тексеру қорытындысы бойынша министрлік қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған қосымша ұсыныстар әзірлейді. Атап айтқанда, студенттер арасындағы жанжалдардың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қамтылады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0