СҚО-да әкімдік қызметкері сірке суына уланып, көз жұмды

Дәрігерлер екі аптаға жуық өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол 15 қарашада жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Қараша 17, 2026 - 11:31
 0  0
СҚО-да әкімдік қызметкері сірке суына уланып, көз жұмды
Фото: Ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 62 жастағы қызметкері уланып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әйел 3 қарашада ауыр химиялық улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер екі аптаға жуық өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол 15 қарашада жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желіде оқиғаның аудан әкімдігіндегі қаржылық тексерістерге қатысы болуы мүмкін деген болжам тараған. Алайда бұл ақпарат әзірге расталған жоқ.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0