TikTok үшін көлікпен тротуарға шыққан: Таразда 20 жастағы жүргізуші жазаланды
Тәртіп бұзған азаматтың облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу дерегін анықтады.
Жарияланған бейнежазбада Lada автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен қозғалып, олардың өміріне қауіп төндіргені көрінеді.
Тәртіп бұзған азаматтың облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Белгілі болғандай, жас жігіт көлік тізгінінде отырып, ермек үшін қауіпті әрекеттерге барған. Кейін түсірген бейнежазбаларын TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.
Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тротуардың жаяу жүргіншілерге арналғанын ескертеді. Жол қозғалысы қағидаларын елемеу орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.