Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшқан
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Оған назар аударсақ, автокөліктің 45 литрлік газ баллоны алысқа ұшып кеткенін байқауға болады.
Ақтауда Hyundai Elantra автокөлігі жарылып, ішіндегі газ баллоны ондаған метр жерге ұшып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Оған назар аударсақ, автокөліктің 45 литрлік газ баллоны алысқа ұшып кеткенін байқауға болады.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Ақтаудың 27-шағынауданында көпқабатты тұрғын үй аумағында болған.
"Өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, газ баллон жабдықтарын уақытылы тексертіп отыру керек екенін ескертті.