Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырған (ВИДЕО)

Бас бухгалтер заңсыз түрде төлемдерді есептеп, ұйымның қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Қараша 12, 2026 - 12:31
 0  0
Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырған (ВИДЕО)
Фото: Pixabay

Атырау қаласында «ҚазАвтоЖол» АҚ еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп жазады Sadaq.kz.

Атырау көлік прокуратурасы өңірдегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген прокурорлық тексеру барысында «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының 34,8 млн теңге көлеміндегі қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Бас бухгалтер заңсыз түрде төлемдерді есептеп, ұйымның қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

"Атырау қаласының № 2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жыл мерзімге айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «ҚАЖсервис» ЖШС-нің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", — делінген хабарламада.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0