«Балаларым үшін алаңдаймын»: Нұртас Адамбайдың әйелі күйеуінің сектаға кіргенін мәлімдеді

Оның айтуынша, мұндай жағдайдан отбасы мүшелері, әсіресе әйелдер мен балалар зардап шегеді.

Қараша 11, 2026 - 09:44
 0  1
«Балаларым үшін алаңдаймын»: Нұртас Адамбайдың әйелі күйеуінің сектаға кіргенін мәлімдеді
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде күйеуіне қатысты мәлімдеме жасап, оның деструктивті ұйымның ықпалына түскенін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ғалия Адамбай Instagram парақшасында жариялаған жазбасында Нұртас Адамбайдың әлі күнге дейін өзі «торбекшілдік» деп атаған топтың қатарында екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай жағдайдан отбасы мүшелері, әсіресе әйелдер мен балалар зардап шегеді.

«Секта осылай жұмыс істейді. Әйелдер мен балалар зардап шегеді. Барлық құжат пен мамандардың қорытындысын жариялаймын. Оның уақыты келеді. Әзірге балаларымның жағдайы мен үшін бірінші орында. Нұртас әлі де торбекшілдік сектасының ықпалында жүр. Оның әрекеті мен сөздері үшін жауап бермеймін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ режиссердің жұбайы бұл жағдайға Т.Б. есімді азаматтың қатысы бар екенін айтып, оны «басты сектант» деп атады. 

Ғалия Адамбай оның тарапынан ешқандай жауап болмағанын жеткізді. Бұдан бөлек, ол желі қолданушыларын жақындарын осындай жағдайлардан сақ болуға шақырды.

Сондай-ақ өзіне заңгерлер мен салық мамандары көмек ұсынғанын атап өтті.

Жазба соңында Ғалия Адамбай бұл мәселеге қатысты қолында бар құжаттар мен мамандардың қорытындысын кейінірек жариялайтынын мәлімдеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0