Белгілі актер Мұқан Шәкір дүниеден өтті

Қаралы хабарды Асқар Тоқпан атындағы театр ұжымы жеткізді. Өнер ордасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

Қараша 3, 2026 - 09:31
 0  1
Белгілі актер Мұқан Шәкір дүниеден өтті
Фото: Ашық дереккөз

Қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, белгілі актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қаралы хабарды Асқар Тоқпан атындағы театр ұжымы жеткізді. Өнер ордасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

«Қазақ өнерінің абыз ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, „Құрмет“ орденінің иегері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Мұқан Шәкірдің дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз», – делінген театр таратқан хабарламада.

Мұқан Шәкір саналы ғұмырын өнер саласына арнап, қазақ театр мәдениетінің дамуына үлес қосқан актерлердің бірі болды. Оның шығармашылық еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен марапатталған. Сондай-ақ өнер қайраткеріне Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.

Мұқан Шәкіров – қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі актер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Ол 1945 жылы 14 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген.

1971 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығармашылық жолын Алматы облыстық театрында бастап, кейін Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет еткен.

1981 жылы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрына жұмысқа қабылданып, қырық жылдан астам уақытын осы өнер ордасына арнаған. 2025 жылдың қаңтарында зейнеткерлікке шыққан.

Қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталып, Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанған. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0