«Көз алдымызда ер жетті»: Бекжан Тұрыстың ұлы шаңырақ көтерді

Дүркіреп өткен тойға өнер жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Қараша 2, 2026 - 10:59
 0  0
«Көз алдымызда ер жетті»: Бекжан Тұрыстың ұлы шаңырақ көтерді
Фото: Видеодан скрин

Халыққа «Ұят болмасын» бағдарламасы арқылы танылған актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Асаубай шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде қуанышты сәттен түсірілген видеолар тарап, жұршылық ақ тілегін білдірді.
Екі жасты театр өнерпаздарының «Жар-жар» әнімен алып шығуы көпшіліктің көңілінен шықты.

Той ерекше сән-салтанатпен өтіп, қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Дүркіреп өткен тойға өнер жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

«Жастар бақытты болсын», «Қандай керемет көрініс», «Мағжан көз алдымызда ер жетті», «Қазақтың тойы осындай керемет қой», «Келін сондай сұлу, инабатты екен», – деп жазды көпшілік.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0