«Құлағымды шерткізіп алу керек»: Танымал әзілкеш Жұмабек Жанқұлға өтініш жасады
Актер фильмінің премьерасы қарсаңында Жұмабек Жанықұлмен кездескісі келетінін жеткізген.
Белгілі әзілкеш Жанболат Найзабеков тележүргізуші Динара Сәтжаннан көмек сұрап, желіде әзілге толы жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әзілкештің айтуынша, өзі түсірген «Бауыр» фильмі 5 қарашадан бастап көрерменге жол тартады. Осыған орай ол фильмнің премьерасы қарсаңында Жұмабек Жанықұлмен кездескісі келетінін жеткізген.
«Динара, менің “Бауыр” деген кином 5 қарашадан бастап шығады. Соған 3 қарашада барып, ағаға құлағымды шеркізіп алсам, бос па екен?» – деп әзілдеді Жанболат Найзабеков.