Сабина Алтынбекова шымкенттік бапкердің әрекетін сынады

Ол федерация тарапынан жаттықтырушыларға қойылатын талаптарды күшейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ көптеген командаларда дәрігермен қатар, психологтың да жоқтығына назар аударды.

Қазан 28, 2026 - 14:21
 0  7
Сабина Алтынбекова шымкенттік бапкердің әрекетін сынады
Фото: жеке парақшасынан

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігімен қатар, олардың мінез-құлқы мен жұмыс істеу әдістерін де мұқият тексеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Спортшының пікірінше, жаттығу кезінде ойыншыларға күш көрсетуге де, буллинг арқылы психологиялық қысым жасауға да жол берілмеуі керек.

«Жаттықтырушыларды мұқият тексеріп, олардың мінез-құлқы мен жұмыс істеу әдістеріне де баға беру қажет. Өкінішке қарай, волейболда кейбір жаттықтырушылардың бойынан қарапайым әдеп мәдениетінің өзін көре алмаймыз», – деді Сабина Алтынбекова.

Ол федерация тарапынан жаттықтырушыларға қойылатын талаптарды күшейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ көптеген командаларда дәрігермен қатар, психологтың да жоқтығына назар аударды.

Волейболшының сөзінше, бұл жағдай спорт жүйесіндегі мәселелерді қайта қарау қажеттігін көрсетеді.

Бұған Павлодарда өткен турнир кезінде болған оқиға себеп болған. Жарыс барысында Шымкент командасының жаттықтырушысы ойыншылардың бірін ұрған.

Оқиғадан кейін жаттықтырушы жарыстарға қатысудан екі жылға шеттетілгенімен, қызметінен босатылмаған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0