7 қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының ширек финалына шықты
1/8 финал қорытындысы бойынша Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) және Владислав Саможонов (+90 келі) келесі кезеңге өтті.
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеті боксшысы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
1/8 финал қорытындысы бойынша Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) және Владислав Саможонов (+90 келі) келесі кезеңге өтті.
Енді қазақстандық боксшылар жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы өткізетін әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.