Үндістанда «Арнаб» циконы: 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды
«Арнаб» циконы Үндістанның Андхра-Прадеш штатына соғып, жел жылдамдығы 150 км/сағ жетті. Қауіпсіздік үшін екі штатта 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды.
Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалауындағы Андхра-Прадеш штатына сәрсенбі күні «Арнаб» циконы жетті, деп жазады Sadaq.kz.
Бұл туралы Euronews пен ABC News хабарлады.
Үндістан метеорология департаменті (IMD) циклонды «өте қатты» дауыл деп сипаттап, желдің жылдамдығы 125-135 км/сағ, екпіні 150 км/сағ-қа дейін жеткенін мәлімдеді. Дауыл Бхапатла мен Вишакхапатнам аралығындағы жағалауға соқты.
Қауіпсіздік шаралары аясында Андхра-Прадеш пен көршілес Одиша штаттарында 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Андхра-Прадеште 50 мың, Одишада 48 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ Шри-Ланка мен Непалда дауылға байланысты ескерту жариялады.
Андхра-Прадеш бас министрі Нара Чандрабабу Найду: «Әр адамның өмірін қорғау — біздің басты міндетіміз», — деді.
IMD циклон салдарынан саман үйлердің толық қирауы, жергілікті су тасқыны, электр және байланыс желілерінің үзілуі, егіннің жаппай зақымдануы мүмкін екенін ескертті. Дауылдың жолында 12 миллионнан астам адам тұрады.
Билік 20 ауданда 2000-нан астам циклонға арналған баспана дайындап, миллиондаған тұрғынға мобильді ескерту жіберді. Жағалауда 30 мыңнан астам балықшы қайығы бекітіліп, зардап шеккен аймақтарға 1100-ге жуық медициналық топ жіберілді. Кейбір пойыз қатынасы тоқтатылды.
Қазіргі уақытта циклон құрлықпен әрекеттесуін жалғастыруда. Құтқарушылар мен билік өкілдері жағдайды бақылап отыр.