Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылдан бастап 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Президенттің айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі 1,8 миллион адамның табысын арттыруға ықпал етеді. Оның ішінде бюджет есебінен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.

Қазан 28, 2026 - 12:26
 0  10
Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылдан бастап 110 мың теңгеге дейін көтеріледі
Фото: Ақорда

Қазақстанда 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президенттің айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі 1,8 миллион адамның табысын арттыруға ықпал етеді. Оның ішінде бюджет есебінен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.

Сонымен қатар келесі жылдың басынан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының да жалақысы өседі.

«Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтуге және осы саланы қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыруға басымдық берілетінін атап өтті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0