Президент банктердегі 75 трлн теңгеден астам активті экономикаға бағыттауды тапсырды

Еліміздегі банктердің активтері 75 триллион теңгеден асып, депозиттер көлемі рекордтық 52 триллион теңгеге жеткен.

Қазан 28, 2026 - 12:13
 0  10
Президент банктердегі 75 трлн теңгеден астам активті экономикаға бағыттауды тапсырды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтай отырып, жинақталған қаражатты экономиканың нақты секторын дамытуға жұмсау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесі орнықты деңгейде. Еліміздегі банктердің активтері 75 триллион теңгеден асып, депозиттер көлемі рекордтық 52 триллион теңгеге жеткен.

Сондай-ақ салымдардың 78 пайызы ұлттық валютада сақталады. Мемлекет басшысы мұны теңгеге деген сенімнің артуын көрсететін факторлардың бірі ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеуші мекемелер өз міндеттерін сапалы әрі тиімді орындауға тиіс екенін айтты.

«Ендігі маңызды міндет – жинақталған қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторын дамытуға пайдалану», – деді Президент.

Оның сөзінше, Ұлттық банк баға мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, экономиканың дамуына мүмкіндік беретін бастамаларды жүзеге асыруға да атсалысуы керек.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0