«Бас салып құшақтап, жыладым»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды
Өнер иесі көпшілікті ата-анасын барында құрметтеп, көңіл бөлуге шақырды.
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өмірдегі қорқынышын айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі көпшілікті ата-анасын барында құрметтеп, көңіл бөлуге шақырды.
«Мен ата-анаңның мәңгілік қасыңда жүрмейтінін әкем өмірден өткенде сезіндім. Ол кезде Англияда оқуда жүрмін. Үйге келгенімде анамды бас салып құшақтап, жылағаным есімде. Мамамды “тәте” деймін. “Тәте, мен сені жоғалтуға дайын емеспін” дедім. Білемін, өлімге философиялық тұрғыдан қарау керек, қабылдау керек. Бірақ ешкім әке-шешесін жоғалтуға еш уақытта дайын болмайды. Сонда анама “Сен кетпеші, сен жүре тұршы, мен дайын емеспін” дедім. Иә, менің жасым 49-да, анам 78-ге келді. Көз алдымда қартайып келе жатыр. Самайын ғана емес, түгел шашын ақ басты. Көзінен қарттықты, шаршауды көремін. Аяғы бүгілмейді. Иә, жас кездегі бейнет. Бірақ анаңның көз алдыңда қартаюын көру бала жүрекке тиеді», – деді әнші.