Белгісіз сұйықтық ішіп қойған: Петропавлда үшінші адам көз жұмды

Марқұмдар ішкен бөтелкеге сараптама жүргізіліп, оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр

Қазан 28, 2026 - 09:45
 0  1
Белгісіз сұйықтық ішіп қойған: Петропавлда үшінші адам көз жұмды
Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында белгісіз тұнбаны ішіп, ауруханаға түскен үшінші ер адам қайтыс болды. 75 жастағы зейнеткер дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ауыр уланудан көз жұмды. Бұл туралы sadaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Медицина қызметкерлері ер адамның өмірін сегіз күн бойы сақтап қалуға тырысқан. Осы уақыт ішінде ол жансақтау бөлімінде жатып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Алайда науқастың жағдайы өте ауыр болған. Қазіргі уақытта марқұмдар ішкен алкоголь құйылған бөтелкеге сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0