Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғаға тап болды

ТЖМ қызметкерлері арнайы авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, жасөспірімнің аяғын қысылып қалған жерінен абайлап босатты.

Қазан 27, 2026 - 11:19
 0  7
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғаға тап болды
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірім комбайн жөндеу кезінде жазатайым оқиғаға тап болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 26 қазанда Асықата ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жасөспірім ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу барысында абайсызда аяғын комбайнның орақ аппаратына қыстырып алған. Өздігінен босап шыға алмаған соң, оқиға орнына құтқарушылар шақырылған.

ТЖМ қызметкерлері арнайы авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, жасөспірімнің аяғын қысылып қалған жерінен абайлап босатты.

Осыдан кейін зардап шеккен бала жедел жәрдем мамандарына тапсырылды. Қазіргі уақытта оның алған жарақаттары мен денсаулық жағдайы туралы толық мәлімет жарияланған жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0