Қарағанды облысында үй өртеніп, 44 жастағы ер адам көз жұмды

Құтқарушылар үй ішінен 27 литрлік газ баллонын сыртқа шығарды. Алайда тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды.

Қазан 22, 2026 - 17:46
 0  3
Қарағанды облысында үй өртеніп, 44 жастағы ер адам көз жұмды
Фото: pixabay

Қарағанды облысында екі пәтерлі тұрғын үй өртеніп, 44 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиға 20 қазан күні кешке Абай ауданына қарасты Дубовка ауылындағы Саялы көшесінде болған. Өрт салдарынан үйдің шатыры мен екі пәтердің төбе жабындары зақымданған. Сондай-ақ пәтерлердің біріндегі жиһаз, тұрмыстық заттар мен терезе блогы бүлінген. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт кезінде пәтерлердің бірінің 15 шаршы метр аумақтағы төбе жабыны опырылып түскен. Құтқарушылар үй ішінен 27 литрлік газ баллонын сыртқа шығарды. Алайда тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды.

Өрт 21 қазан күні сағат 00:34-те толық сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өртке пеш мұржасының ақауы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0