Қызылордада 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірген (ВИДЕО)

Марқұмның әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиға 8 қазанда дәмхана маңында болған. Оның сөзінше, інісіне шамамен 12 адам жабылып, соққыға жыққан. Сондай-ақ жігіттің жүрек тұсына үш рет пышақ сұғылған.

Қазан 27, 2026 - 10:22
 0  2
Қызылордада 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірген (ВИДЕО)
Фото: Pixabay

Қызылордада 20 жастағы жігіттің қазасына байланысты үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Полиция мәлімдеді.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиға 8 қазанда дәмхана маңында болған. Оның сөзінше, інісіне шамамен 12 адам жабылып, соққыға жыққан. Сондай-ақ жігіттің жүрек тұсына үш рет пышақ сұғылған.

Марқұмның туыстары оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы заң алдында жауап беріп, істің әділ тергелуін талап етіп отыр.

Полицияның хабарлауынша, қазір оқиға орнындағы бейнежазбалар зерттеліп жатыр. Сонымен қатар жанжалға қатысы болуы мүмкін өзге адамдардың әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0