Павлодарда 18 жастағы жігіт ішіп алып көлік тізгіндеген

Полиция департаментінің мәліметінше, оның 229-ы қоғамдық орындарда алкоголь ішумен, 33-і ұсақ бұзақылықпен байланысты. Сонымен қатар 18 жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Қазан 23, 2026 - 12:13
 0  10
Павлодарда 18 жастағы жігіт ішіп алып көлік тізгіндеген
Фото: Pixabay

Павлодар облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция 1058 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оның 229-ы қоғамдық орындарда алкоголь ішумен, 33-і ұсақ бұзақылықпен байланысты. Сонымен қатар 18 жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Іс-шара барысында тұрғын үй аулаларында, халық көп жиналатын орындар мен демалыс аймақтарында патрульдеу күшейтілді. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуына бақылау артты.

Мәселен, Павлодардағы дүкендердің бірінде алкогольді заңда белгіленбеген уақытта сату дерегі тіркелді. Дүкен иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Полицияның мәліметінше, профилактикалық шаралар өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жалғасып жатыр. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0