Тоқаев – Әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінді

Мемлекет басшысы елімізде түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылғанын да атап өтті.

Қазан 23, 2026 - 13:21
 0  8
Тоқаев – Әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында соңғы жеті жылда Қазақстанда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Соңғы жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінді. Мұны халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін салынған инвестиция деп қабылдаған жөн»,– деді Президент.

Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері елімізде 1259 денсаулық сақтау мекемесі салынған. Әсіресе ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде медициналық қызметтің сапасы артып келеді.

Сондай-ақ Конституцияда азаматтарға кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі нақты белгіленген. Қазіргі уақытта қазақстандықтар медициналық қызметтің 1000-нан астам түрін ақысыз алуға құқылы.

Бұдан бөлек, еліміздегі барлық мектептің бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал топтағы балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған. Олардың жалпы саны 1,7 миллионнан асады.

Мемлекет басшысы елімізде түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылғанын да атап өтті. Алайда кейбір жеңілдіктердің заңсыз иемдену негізінде беріліп жатқанын айтып, бұл мәселені Үкімет жан-жақты зерделеп жатқанын жеткізді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0