АҚШ әкімшілігінің Иранға қатысты қадамы Венесуэла мұнайымен байланысты болуы мүмкін
Clash Report ресурсы АҚШ әкімшілігінің Иранға қарсы әрекет ету ықтималдығын мұнай нарығындағы тәуекелмен байланыстырып, бірқатар болжам келтірді. Талдауға сәйкес, Вашингтон Иранмен қақтығыс жағдайында мұнай бағасының күрт өсуінен қауіптенбеуі мүмкін. Бұған басты себеп ретінде Венесуэла мұнайын өз бақылауына алуға бағытталған стратегиялық қадамдар аталады. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.
Материалда келтірілген мәліметке сәйкес, АҚШ Венесуэладан күніне 1 млн баррель мұнайды шамамен $40/баррель бағасымен сатып ала алады, әрі бұл көлем 3 млн баррельге дейін ұлғаюы ықтимал. Сондай-ақ жазбада АҚШ-тың тәуліктік мұнай импорты 6,5 млн баррель екені көрсетіліп, Иран төңірегіндегі шиеленіс салдарынан мұнай қымбаттаса, оны “арзан венесуэлалық шикізатпен” өтеп, ішкі шығындарды төмендетуге болатыны айтылады.
Осы логикаға сүйенген Clash Report авторлары: "Трамп әкімшілігінің Иранға шабуыл жасамас бұрын Венесуэланы өз ықпалына алуға тырысуының басты себебі де осы экономикалық қауіпсіздік болса керек", — деп жазады.
Талдауда айтылғандай, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері соғыс кезіндегі экономикалық шығындарын мұнай бағасының қымбаттауы арқылы өтей алады. Ал АҚШ өз кезегінде ішкі нарықтағы бағаны бақылауда ұстау үшін экспорттық кірістерді қайта бөлуді жоспарлауда.
Ескерту: Бұл — Clash Report жариялаған талдау/болжам. Ресми органдар тарапынан расталған мәлімдеме ретінде ұсынылмайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0