Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге болды – министр

Тәкиевтің сөзіне сенсек, министрлік жоспарды 102% болған

Қазан 14, 2025 - 11:21
 0  35
Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге болды – министр
Фото: istockphoto.com

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгеге жеткен. Осылайша, Қаржы министрлігі жоспарды 102% орындаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 116% немесе 2,4 трлн теңге болған. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түскен. Жоспар 97,3% орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды»,- деді Мәди Такиев.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0