Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі қайтыс болған бес әскери қызметшінің тұлғалары анықталғанын мәлімдеді.
Ескишехир провинциясында жаттығу кезінде тікұшақ апатқа ұшырап, Түркия әскери-әуе күштерінің бес сарбазы қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі қайтыс болған бес әскери қызметшінің тұлғалары анықталғанын мәлімдеді.
Қайтыс болғандардың денелері Анкараға жеткізілді. Сот-медициналық сараптамадан кейін олар жерлеу үшін туған жерлеріне жіберіледі.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған сарбаздардың қазасына байланысты көңіл айтты.
Тікұшақ апатынан кейін оқиға орнында өрт тұтанған. Апаттың себептері тексеріліп жатыр.
Соңғы екі аптада Түркияда әскери тікұшақ екінші мәрте апатқа ұшырап отыр. Бұған дейін 12 қарашада Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатья провинциясында S-70 әскери тікұшағы апатқа ұшыраған еді. Салдарынан борттағы төрт әскери қызметкер қаза тапты.