«Реал» клубының президенті Боранбаевты Мадридке арнайы шақырған

Кездесу барысында Перес Боранбаевқа "KAIRAT 1" деген жазуы бар футбол жейдесін сыйлады.

Қараша 23, 2026 - 13:18
 0  0
«Реал» клубының президенті Боранбаевты Мадридке арнайы шақырған
Фото: instagram/@kairat4

"Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Мадридте "Реал" президенті Флорентино Переспен кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайрат Боранбаев Испания астанасына УЕФА-ның әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық жөніндегі комитеті төрағасының екінші орынбасары ретінде жұмыс сапарымен барған. Ол сапар барысында "Реал" мен "Сельта" арасындағы матчты тамашалады.

Кәсіпкердің сөзінше, былтыр "Реал Мадрид" Алматыға келгенімен, клуб президенті Флорентино Перес командамен бірге келе алмаған. Сондықтан бұл жолы Перес Қайрат Боранбаевты Мадридте қонаққа шақырған.

Кездесу барысында Перес Боранбаевқа "KAIRAT 1" деген жазуы бар футбол жейдесін сыйлады. 

"Мұндағы бірінші нөмір кім екенін білмеймін: мен бе, әлде "Қайрат" футбол клубы ма? Меніңше, екіншісі", – деп әзілдеді Боранбаев. 

Боранбаев "Қайраттың" соңғы бір жылдағы жетістіктеріне де тоқталды. Оның пікірінше, алматылық команданың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы мен Еуропада танылуы клуб академиясы мен жүйелі жұмыстың нәтижесі. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0