ШҚО-да 9 жастағы бала мұз астына түсіп кетті
Оқиға Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта болған.
Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында 9 жастағы бала жұқа мұздың үстінен өтіп бара жатып, суға түсіп кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала мұз үстімен жүрген кезде мұз опырылып, суға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері баланы судан шығарып, медицина мамандарына тапсырған. Дәрігерлер баланың қатты тоңазып қалғанын анықтап, ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.
Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға, әсіресе ата-аналарға ескерту жасады. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, оларға жұқа мұздың қауіпті екенін түсіндіруге шақырды. Сондай-ақ су айдындарының маңында ойнауға және серуендеуге тыйым салу қажеттігін еске салды. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.