Тоқаев Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады.

Қараша 18, 2026 - 12:09
 0  0
Тоқаев Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичсті ұлттық мерекесі – Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады, деп хабарлады Sadaq.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады.

"Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі", – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббасты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі өркендей беретініне сенім білдірген еді.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0