16 жасқа толмаған балаларға желіде тіркелуге тыйым салынады – заң әзірленді
Тыйым ата-аналармен және мұғалімдермен байланыс орнатуға арналған мессенджерлерге қолданылмайды
Мәдениет және ақпарат министрлігі балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Министр Арман Қырықбаевтың айтуынша, платформа иелері мен олардың өкілдіктері пайдаланушының жасын тексеру шараларын қабылдауға міндетті болады.
"Бұл ретте тыйым тұлғааралық қарым-қатынас жасауға, ата-аналармен және мұғалімдермен байланыс орнатуға арналған мессенджерлерге қолданылмайды", - деді Қырықбаев Құрылтайдың бүгінгі отырысында.