Атырауда бір жасар сәби қызылша инфекциясынан көз жұмды

Дәрігер Жұлдыз Қоспанованың мәліметінше, қайғылы жағдай 16 қарашада болған.

Қараша 17, 2026 - 19:32
 0  0
Атырауда бір жасар сәби қызылша инфекциясынан көз жұмды
Фото: Ашық дереккөз

Атырау облысында бір жастағы сәби қызылша инфекциясынан көз жұмды. Баланың ата-анасы туа біткен жүрек ақауына байланысты вакцина салдырудан бас тартқан, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Дәрігер Жұлдыз Қоспанованың мәліметінше, қайғылы жағдай 16 қарашада болған. Сәби бұған дейін қызылша диагнозымен ауруханаға түскен.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың қайтыс болғанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, 14 қарашада Жылыой ауданынан санитарлық авиация арқылы облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілген бала өте ауыр жағдайда болған.

Дәрігерлер сәбиге қарқынды ем жүргізгенімен, аман алып қала алмады. Негізгі ауруының асқынуы салдарынан екі өкпесі қабынып, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі дамыған.

Алайда басқарма ресми хабарламасында өлімге қызылшаның себеп болғанын нақтыламады. Сондай-ақ баланың екпе алмағаны туралы ақпаратқа түсініктеме бермеген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0