Ақтөбелік студент алаяқтарға 10 млн теңгесін аударып жіберген

Алдымен студентке белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Ол SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту сылтауымен қыздың сеніміне кірген.

Қараша 17, 2026 - 16:39
 0  5
Ақтөбелік студент алаяқтарға 10 млн теңгесін аударып жіберген
Фото: Pixabay

Ақтөбеде екінші курс студенті интернет-алаяқтарға алданып, 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол бұл қаражатты оқу ақысын төлеу үшін депозитке жинаған.

Алдымен студентке белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Ол SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту сылтауымен қыздың сеніміне кірген.

Кейін оған өзін банк қызметкері деп таныстырған тағы бір адам хабарласып, белгісіз біреулер оның атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтқан. Алаяқтар ақшасын қорғау үшін оны "қауіпсіз шотқа" аудару керектігін жеткізген.

Олардың сөзіне сенген студент депозиттегі ақшасын шешіп алып, көрсетілген шотқа 10 млн теңгеге жуық қаражат аударған. Ақшаны жібергеннен кейін ғана алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Полиция азаматтарға белгісіз адамдардың нұсқауымен ақша аудармауға және "қауіпсіз шот" туралы хабарламаларға сенбеуге кеңес береді. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0