Алматыда өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Шақыртуға асыққан өрт сөндіру көлігі жол апатына түсті

Қараша 17, 2026 - 11:45
 0  0
Алматыда өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
фото: видеодан скриншот

Алматыда өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Оқиға 17 қараша сағат 00:40 шамасында Тимирязев және Әуезов көшелерінің қиылысында болған.

"Өрт сөндіру көлігі шақырту бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып, оқиға орнына бара жатқан. Қиылыстан өту кезінде жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ал арнайы көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полиция.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0