«Қандай жиіркенішті едіңдер!»: Танымал әзілкеш отбасындағы кикілжіңнен кейін үн қатты

Мансар Орынхан отбасы өзіне ең қымбат құндылық екенін атап өтті.

Қараша 12, 2026 - 11:42
 0  0
«Қандай жиіркенішті едіңдер!»: Танымал әзілкеш отбасындағы кикілжіңнен кейін үн қатты
фото: әлеуметтік желіден

«Миллион» жайдарман тобы арқылы танылған әзілкеш Мансар Орынхан жұбайы Нұрайым Халиланың әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына жауап берді. Өнер иесі отбасын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жүргенін айтып, кейбір адамдардың әрекетіне наразылығын білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін әзілкештің жұбайы Нұрайым Халила әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы келеңсіздіктер туралы жазған болатын. Оның сөзінше, күйеуі бірнеше күн бойы үйге келмей, өзін барлық байланыс құралдарында бұғаттап тастаған.

Сондай-ақ әйел мұндай жағдайдың бұған дейін де бірнеше рет қайталанғанын айтқан еді. Ал Мансар Орынхан отбасы өзіне ең қымбат құндылық екенін атап өтті. Әзілкеш ешбір отбасының шаңырағы шайқалмаса екен деген тілегін жеткізіп, отбасын сақтап қалуға ниетті екенін мәлімдеді.

«Ешқандай отбасы ажыраспасын, балалар жетім қалмасын! Алладан тек соны тілеймін. Менің ең үлкен байлығым — менің отбасым. Оны дәлелдемесем де, бәрі белгілі. Менің отбасыма менен артық ешкімнің жаны ашымайды және жақсы көрмейді. Әйелімді маған қарсы айдап салып жатқан кейбір адамдар, қандай жиіркенішті едіңдер! Мен отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын. Жасап та жүрмін!» — деп жазды ол.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0