Аяз, қар, көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
12-14 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжады. Бірқатар өңірде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ құбылыстары болжанады.
Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, - деп жазылған синоптиктердің хаьарламасында.
Ауа температурасы: Батыста: түнде 2-9 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 8-17 градус жылы болады.
Солтүстікте: түнде 2-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
Орталықта және шығыста: түнде 5-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
Оңтүстікте: түнде 1-8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-12 градус жылыға дейін жоғарылайды.
Оңтүстік-шығыста: түнде 3-8 градус, таулы аудандарда 11-16 градус аяз болады. Күндіз 2-10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-6 градус аяз болады.