Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Қалалық әкімдік Мейіржан Мұқасовтың орнына жаңа орынбасар тағайындалғанын хабарлады.

Қараша 11, 2026 - 11:46
 0  0
Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Фото: Атырау қаласының әкімдігі

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде 1,5 жылдан аса уақыт жұмыс істеген, кейін ҰҚК тергеген қылмыстық істе аты аталған Мейіржан Мұқасов қызметінен кетті. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның өз өтініші негізінде жұмыстан босатылғанын растады, деп жазады Sadaq.kz.

Қалалық әкімдік Мейіржан Мұқасовтың орнына жаңа орынбасар тағайындалғанын хабарлады.

Енді ішкі саясат, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бұрын облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасын басқарған Айдулат Кенжебеков жетекшілік етеді.

 Айдулат Кенжебеков
Фото: Атырау қаласының әкімдігі

Айдулат Кенжебеков 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастаған. Кейін осы басқармада бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019–2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болды. Ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0