Болат Бұхарбай Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Suleyman Demirel University мен Қаржы академиясының түлегі.
Болат Бұхарбай Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды sadaq.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әр жылдары «Әділет» партиясының құрылымында, «Медиа Дамыту Қоры» корпоративтік қорында жұмыс істеген, «Қазпошта» АҚ баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Медиажобаларды продюсерлеумен және сайлау науқандарын ақпараттық-коммуникациялық сүйемелдеумен айналысқан.
Suleyman Demirel University мен Қаржы академиясының түлегі.