Аяқ киімі үшін алтыннан қағылған Ясмина Тоқсанбаева пәтерлі болды

Қуанышты жаңалығын спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қолдау көрсеткен федерация мен барша жанашырына алғыс айтты.

Қараша 10, 2026 - 11:36
 0  0
Аяқ киімі үшін алтыннан қағылған Ясмина Тоқсанбаева пәтерлі болды
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева спорттағы жетістіктері үшін пәтер кілтін алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қуанышты жаңалығын спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қолдау көрсеткен федерация мен барша жанашырына алғыс айтты.

«Сезімімді жеткізуге сөзім де, эмоциям да жетпейді. Өз елім мен федерациямның осындай құрметіне ие болғаныма шексіз қуаныштымын! Бүгінгі күнге себепкер болған барша жанға рақмет. Бұл марапат маған алға ұмтылып, дами түсуге күш береді!» – деп жазды спортшы.

Сонымен қатар 9 қарашада Ясмина Тоқсанбаева «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Марапат Азия және Азия пара ойындарындағы спортшылардың нәтижелеріне орай табысталды. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0