Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды
Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
"52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Португалия өкілі София Гаспардан басым түсіп, Олимпиада тұғырының ең биік сатысына көтерілді", - деп жазылған хабарламада.
Фатима финалға дейін де қарсыластарынан басым түсті. Ширек финалда Коста-Рика спортшысы Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырды.