Қазақстандағы ең қарт тұрғын 116 жасында өмірден өтті
Ұлытау облысының әкімдігі Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қазақстандағы ең қарт тұрғын Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Түймегүл Темірбаева – 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Байқадам ауданында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, көп ұзамай жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Содан бері осы өңірде 90 жылдан астам уақыт ғұмыр кешті.
Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп өсірді. Түймегүл апа 15 немере, 25 шөбере сүйіп, үлкен әулеттің ардақты анасына айналды. Жұбайы да ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында өмірден өткен.
Ұлытау облысының әкімдігі Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.