Қостанайда 5 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды

Қайғылы оқиға 26 қазан күні Әулиекөл ауданына қарасты Құшмұрын ауылында болған.

Қазан 30, 2026 - 15:53
 0  3
Қостанайда 5 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды
Фото: Ашық дереккөз

Қостанай облысында бес жасар бала қаза тапты. Оны өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиға 26 қазан күні Әулиекөл ауданына қарасты Құшмұрын ауылында болған. Бес жастағы бала басы мен денесінен алған көптеген жарақат салдарынан көз жұмған.

Оқиға болған күні полиция күдіктіні ұстады. Кейін сот оны қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта «Кәмелетке толмаған баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0