«Боратқа» бола ренжімеңіздер: Саша Барон Коэн Қазақстан халқына үн қатты

Актердің сөзінше, Борат кейіпкеріне байланысты Қазақстан елшілігі ресми шағым жолдаған. Ол бұл шағымды орынды деп санайтынын жеткізді.

Қазан 29, 2026 - 15:34
 0  1
«Боратқа» бола ренжімеңіздер: Саша Барон Коэн Қазақстан халқына үн қатты
фото: видеодан скриншот

«Борат» кейіпкерімен танылған британдық актер Саша Барон Коэн Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Ол бұл туралы Happy Sad Confused подкастына берген сұхбатында мәлімдеді.

Актердің айтуынша, өзі сомдаған Борат кейіпкерінің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Сондай-ақ ол Қазақстан халқының шынайы өмірде қалай сөйлейтінінен хабарсыз болғанын айтып, жұртшылықтан кейіпкерге бола ренжімеуді сұрады.

«Мен алғаш рет Қазақстан халқынан кешірім сұрағым келеді. Себебі Бораттың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ», – деді Саша Барон Коэн.

Актердің сөзінше, Борат кейіпкеріне байланысты Қазақстан елшілігі ресми шағым жолдаған. Ол бұл шағымды орынды деп санайтынын жеткізді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0