Атырауда үш қабатты ғимаратта жарылыс болды
Құтқарушылардың мәліметінше, қазандықтан шамамен 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезелер бүлінген.
Атырау қаласының Авангард-2 шағын ауданында газ-ауа қоспасы жарылып, жақын маңдағы тұрғын үй мен көліктерге зақым келді. Оқиғадан кейін өрт шықпаған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жарылыс сәті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларға түсіп қалған.
Құтқарушылардың мәліметінше, қазандықтан шамамен 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезелер бүлінген. Сонымен қатар екі жеңіл автокөлікке зақым келген.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жеткен.
Қазір тиісті қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың нақты себебі мен мән-жайы анықталуда.